Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәңірберген Бердоңғаров инвестиция министрлігінде тегін жұмыс істейтін болды

Тәңірберген Бердоңғаров ҚР инвестиция және даму министрлігінде туризм бойынша қоғамдық кеңесте кеңесші қызметін атқаратын болып жұмысқа орналасты. Экс-депутаттың айтуынша, ол жұмыс істегені үшін жалақы алмайды.

11169997_944340948920018_3473372700030739712_n

Сурет әлеуметтік желіден алынды

“Министрдің штаттан тыс кеңесшісі дегеніміз – айлықсыз, қызметтік көліксіз, пәтерсіз және басқа да жеңілдіктерді пайдаланбайды деген сөз”, – деп жазды Бердоңғаров өзінің Фейсбуктағы парақшасында.

“Ең бастысы жасалған іс мыңдаған сөзден артық. Мен өз еліме немқұрайлы қарай алмаймын”, – деп атап өтті ол.

Министр Әсет Исекешевтің айтуынша, Бердоңғаров қоғамдық жұмыстарға баса назар аудармақ.

Талқылау