Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Нұртас: Қасиетті жерге барғанда анамнан әбден кешірім сұрадым

Қайрат Нұртас 2018 жылы ата-анасын, жары Жұлдызды алып, кіші қажылыққа, яғни Умраға барып қайтты. Ол The Эфир бағдарламасының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында қажылықтан кейін жанұясында не өзгергенін, Құдайдан қажылықта не тілегенін айтып берді, деп жазады Stan.kz 

Қайрат Нұртас: Қасиетті жерге барғанда анамнан әбден кешірім сұрадымӘнші қажылықтан алған әсерін сөзбен айтып жеткізе алмайтынын мәлімдеді. Меккеге қайта-қайта, өмірінің соңына дейін жанұясымен бара бергісі келетінін айтты. 

"Барған сайын күш қуат алып қайтамын. Өз-өзімді қадірлей бастаймын. Қорқыныштың барлығы кетіп қалады, рахаттанасың. Тынышталып қайтасың. Қажылықтан алған нәрселерімді айтып жеткізе алмаймын. Мен барған сайын байлық емес, иман сұраймын. Көп кісілер: "Сен көрсету керексің, сен жастарға үлгісің", — деген соң арасында "Инстаграмда" жарнама үшін қажылықты көрсетемін. Рия болады деп көрсеткім келмейтін. 

Осы жолы Аллаға шүкір ата-анамды алып бардым. Анам мен әкем Қағбаның алдына келіп тұрған кезде "алып келдім-ау әйтеуір" деп қуаныштан жыладым. Құдайдан отбасыммен, кішкентай бүлдіршініммен тағы да баруды, өмірімнің соңына дейін баруды, елімнің тыныштығын сұрадым.

 Қайрат Нұртас:Қасиетті жерге барғанда анамнан әбден кешірім сұрадымМен Меккеге барған күні Қағбаның есігі ашылды. Жұлдызға Қара тасты сүю нәсіп етілді. Мен өзім алдында Рамазанда сүйген болатынмын. Бірақ енді осы жолы өзім "сіздер сүйіңіздерші" деп тырыстым, көмектестім, соған қатты қуандым. Құдайға шүкір қажылықтан кейін үйде көп нәрсе өзгерді. Анам өзгерді. Сабырға келді дегендей", — дейді ол. 

Анасына үнемі ризалығын білдіретін әнші қажылық кезінде берілген мүмкіндікті босқа жібермеген екен. 

"Қасиетті жерге барғанда анамнан әбден кешірім сұрадым. Мама, осы жерде мені кешіріңізші, қатты жүрегіңізде қалып кеткен қателіктерім бар болса кешіріңізші деп анамнан кешірім сұрап алдым. Барлығынан сұрап алдым. Сондықтан аналарыңызды ренжітпеңіздер", — дейді ол. 

Сұхбат барысында әнші алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол Ресей әншісі Стас Михайловпен бір сахнада ән шырқап, жанды дауыста концерт беруді көздеп отыр. 

 

 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр