Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал блогер анасын қағып кеткен жүргізушіге тіл тигізгені үшін сотты болды

Қазақстандық блогер Әсел Баяндарова темір тордың арғы жағынан бір-ақ шығуы мүмкін. Ол адамды кемсітіп, жала жапты деп айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Время» газетіне сілтеме жасап. 

Блогердің сөзінше, 2018 жылы 11 сәуірде 75 жастағы анасы жолдың жаяу жүргіншілер кесіп өтуге арналған бөлігінде көлік қағып кеткен. Жүргізуші оны көлігіне отырғызып, артынша жолай тағы бір әйелді ала кеткен. Мұнан кейін ол Әселдің анасын ауруханаға емес, үйіне алып барыпты. 

Баяндарованың айтуынша, жүргізуші мен әйел анасын үйіне алып барып, одан арызданбауын сұрапты. Алайда көлік астына түскен анасының басы, жамбасы мен денесі қанталап, миы шайқалған екен. Кейуананың жарақаты денсаулыққа орташа зиян келтіру ретінде бағаланған. 

Өз сөзінде Баяндарова олардың анасына 100 доллар беретінін айтып, бірнеше сағат бойы көндіруге тырысқанын айтты. Алайда анасы бас тартыпты. Осы уақытта әйелдің бетіндегі қанды ісік ұлғая бастағандықтан, олар кейуананы жақ сүйек-бет ауруханасына алып барады. 

Сол жерде олар қабылдау журналында тіркелмей-ақ рентген жасатпақ болыпты. Алайда бұл мүмкін болмаған. Дәрігерлер кейуананы тексеріп, сүйегі сынбағанын айтады. Содан кейін ғана оны Қалалық клиниалық орталық аурухананың травматология бөліміне алып барып, оның баспалдақтан құлап кеткенін айтқан. 

Баяндарованың сөзінше, олар дәрігерлерге кейуананы тексертуге қызы алып келгенін айтыпты. Қызы дегені жүргізушімен бірге жүрген әйел болса керек, дейді блогер. Әселдің айтуына қарағанда, мұның бәрі 7 сағатқа созылған. 

Баяндарованың өзі болған оқиға туралы кешке біліпті. Себебі анасы күні бойы оған хабарласпаған. Әселдің сөзінше, анасын қағып кеткен жүргізуші мен жанындағы әйел зардап шегушінің анасы блогер екенін білген. Сондықтан егде жастағы әйелге қызы бұл оқиға туралы тіс жаратын болса, емінің ақысын төлеп бермейтінін ескертіпті. 

Артынша анасы жүргізушісіне хабарласып, ауруханаға заттарын әкеліп беруін сұрайды. Алайда қызына ештеңе айтпауын өтініпті. Алайда жүргізуші кейуананың жарақатын көріп, Әселге хабарлаған. 

Әселдің айтуынша, анасын қағып кеткен ер адам өзінің бұрынғы полиция қызметкері екенін айтып, қорқыта бастапты. Ол Баяндарованың ештеңені дәлелдей алмайтынын айтқан. 

Бүгінгі таңда Әсел Баяндарова жала жауып, бейәдеп сөздер айтты деп айыпталып отыр. Блогердің өзі әлдекімді кемсіту ойында болмағандықтан, шектен шықпағанын айтады. Алайда ендігі лингвистикалық сараптама жасалуы тиіс. 

Баяндарованың сөзінше, жол-көлік оқиғасына қатысты сот процесі басталғанда, белгісіз бір адам анасына келіп, татуласуға шақырып, қорқытып, қысым көрсеткен. Анасы бас тартып, Әсел бұл туралы әлеуметтік желіде жазған. Ол өз жазбасында сол адамға тіл тигізген. Нәтижесінде әлдебір қорғаушыдан қуыным түсіпті. 

Өз сөзінде Әсел татуласуға ниетті емес екенін, одан да сотталғаны жақы екенін айтты. Ала анасы қызы темір тордың арғы жағынан бір-ақ шыға ма деп қорқады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр