Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таңғы асқа жеуге болмайтын тағамдарды білесіз бе?

Деніңіздің сауылығын сақтап, көптеген аурулардың алдын алу үшін,  аш қарынға кей тағамдармен ауқаттанудан тыйылу керек. Олардың кейбірі асқазан шырышты қабығының тітіркенуіне ықпал етсе, өзгелері қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті бұзады, ал бірқатар түрі сусамыр, асқазан ауруын сынды аурулардың дамуына себін тигізеді. Мұндай өнімдер қатарын қандай ас түрлері құрайтынын білесіз бе?

poleznyye-zavtraki

1. Цитрусты жемістер

Аш қарынға апельсин, мандарин мен лимон жесеңіз, ағзаның тітіркенуі орын алып, асқазан ауруын асқындыруы мүмкін. Сондықтан цитрусты жеміс шырынын ішпестен бұрын сұлу жармасымен ауқаттанып алғаныңыз жөн.

2. Банан

Бананның құрамында магний мөлшері көп. Өз кезегінде ол жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметіне әсерін тигізеді. Қарыныңыз аш кезде көп бананды көп жеу ағзадағы кальций-магний тепе-теңдігін бұзу мүмкіндігімен қауіпті.

3. Піспеген көкөністер

Піспеген көкөністер құрамында санаулы уақыт ішінде-ақ асқазан шырышты қабығын тітіркендіретін қышқылдар кездеседі. Сондықтан таңертең аш қарынға желінген қызанақ, қияр немесе орамжапырақ ас қорыту жүйесі нашар адамдарды біраз қиындықтарға ұрындыруы мүмкін. Қызанақ құрамында пектин мен илік қышқыл мөлшері көп. Олар өз алдына өтте тас пайда болуына алып келеді. Бұл алмұрт пен құрмаға да қатысты.

4. Йогурт

Бүгінде көптеген жарнамада таңғы асқа йогурттың бір құтысымен ауқаттанудың аса пайдалы екені айтылады. Десе де мұнымен келісе алмаймыз. Таңертеңгілік ағзаға йогурт бактериялары көмегінің қажеті жоқ. Онсыз-ақ өз қызметін атқара алады. Осы себепті аш қарынға қабылданған йогурттың пайдасы нөлге тең. Йогуртты таңғы астан 2-3 сағат өткеннен кейін немесе кешкі асқа ішуіңізге болады. Жалпы, йогурт және басқа да сүт өнімдерін таңертеңгілік ішудің еш пайдасы жоқ. Мұндай өнімдердің құндылығы – пайдалы микрофлора, яғни ұйыған сүт бактерияларында. Аш қарынға қабылдаған кезде олар қышқыл ортаға тап болып, ішек жолдарына жетпей жатып-ақ тіршілігін жояды.

5. Тәтті картоп

Бұл өнім аш қарынға желінсе, асқазанда ауырлық пайда болып, іш кебуі орын алады.

6. Суық сусындар

Таңертеңгісін аш қарынға бір стақан су ішудің пайдасы мол екені жиі айтылады. Бірақ ол тоңазытқыштан жаңа шыққан мұздай суық су болмауы тиіс. Себебі ол жаңа күн басында ас қорыту процесін тиісті түрде іске қосуға қауқарсыз. Суық судың орнына жылы, бөлме температурасындағы су ішкеніңіз дұрыс. Таңертең су ішу процесі таңғы ас алдында асқазан-ішек жолдарын «қыздырады». Ал суық сусындар асқазан мен ішек шырышты қабығын тітіркендіреді. Сонымен қатар асқорыту жолының созылмалы ауруларында суық сусын ауруды асқындырады. Оған қоса суық сусын асқазан қан тамырларының тарылуына әкеліп соғады. Ал ол асқазандағы қан айналымы мен ас қорыту процесін нашарлатады. Тіпті, аш қарынға ішілген суық сусын әйелдердегі етеккір циклін бұзуы мүмкін.

7. Тәттілер

Тәттілердің зиянды екені өз алдына, аш қарынға жеудің зияны тіптен зор. Ол ағза оянғаннан кейін ұйқы безі бірден жеткілікті мөлшерде инсулин бөле алмауымен байланысты. Салдарынан қандағы қант мөлшері ұлғайып, көз аурулары пайда болып, сусамыр дамиды. Таңертеңгілік асқазанға түскен көп мөлшердегі қант ұйқы безін шектен тыс жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Ал тәттімен әуестену ұйқы безі қызметінде ақау туғызады.

8. Кофе

Көптеген адам атқан таңын бір шыны кофесіз елестете алмайды. Тіпті, кейбірі коефсіз таңғы ас ішуден бас тартып жатады. Алайда денсаулығыңызды ойлап, мұндай әдеттен аулақ болған жөн. Себебі таңеретңгісін кофе ішу асқазан шырышты қабығын тітіркендіріп, асқазан сөлі секрециясын арттырып, асқазан ауруының асқынуына әкеліп соғады.

9. Қызыл ет

Бұл айтарлықтай ауыр ас. Әсіресе таңертеңгілік әл-қуат жиып үлгермеген ағзаға түсірер салмағы зор. Ол ақуыздың мұндай мөлшерін қорытуға қауқарсыз. Дәл осы себепті жануар негізді күрделі ақуыздарды түскі асқа қалдырған ләзім.

10. Жылдам дайындалатын таңғы ас

Үнемі көрсетілетін жарнамаларда жылдам дайындалатын таңғы астың ағза мен дене сымбаты үшін пайдасы жиі сөз болғанымен, шындығына келгенде, мұндай өнімдердің ағазаға пайдасы аз. Керісінше, олар – көмірсуларға бай. Сондықтан қандағы қант деңгейін арттырып, түскі ас уақыты таяғанда асқазаныңыздың әдеттегіден ерекше шұрылдайтыны анық. Салдарынан тамақты мөлшерден тыс жеуіңіз мүмкін. Нәтижесі – артық салмақ. Осы себепті жарнамаға алданбай, пайдалы тағамдармен ауқаттанғайсыз.

11. Шұжық қосылған бутерброд

Шұжық пен ветчина құрамына түрлі зиянды қоспалар кездеседі. Олардың кейбірі – аса зиянды канцерогенді заттар. Мұндай заттар обыр жасушаларының пайда болуы мен дамуына ықпал етеді. Шұжық қосылған бутерброд, әсіресе, аш қарынға зиянды. Себебі аз қорғалған бос асқазан мұндай химиялық шабуылға төтеп беруге дайын емес.

12. Сарымсақ

Сарымсақ қосылған астан бас тартқан жөн. Сарымсақтың құрамында өт қабы мен асқазан қабырғасын тітіркендіретін аллицин бар. Нәтижесінде олардың қимыл белсенділігі бұзылып, асқазан түйілуі пайда болуы мүмкін.

Талқылау