Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таңғы ас ішудің пайдасы анықталды

Ұлыбританиядағы Бата университетінің зерттеушілері жаттығу алдында таңғы ас ішу көмірсулардың ыдырауына және физикалық белсенділіктен кейін тұтынған тамақтың тез сіңуіне көмектеседі дейді. Бұл туралы HealthXpress баспасөз хабарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Таңғы ас ішудің пайдасы анықталды

Зерттеуге таңғы ас ішіп жүрген немесе жаттығу алдында мүлде тамақтанбаған денсаулығында кінәрат жоқ 12 ер адам қатысты. Таңғы ас пен дене белсенділігі арасындағы уақыт аралығы екі сағатты құрады. Тәжірибе барысында қатысушылар таңғы астан кейін үш сағат демалды. Зертеудің соңында тәжірибеге қатысушылардың қанындағы глюкоза деңгейі мен бұлшық еттегі гликоген өлшенді.

Нәтижесінде, таңғы астың жаттығу кезінде бұлшық еттердегі гликоген түрінде сақталатын көмірсуларды жылдам ыдыратуға көмектесетіні анықталды. Сондай-ақ, қандағы қант деңгейінің төмендегені байқалды.

Сонымен қатар, физикалық белсенділікке дейін тамақтану жаттығудан кейін тұтынылатын тағамды жылдам қорытуға көмектеседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау