Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таңғажайып кадрлар: құрсақтағы бала өмірі (фото)

Белгілі фотограф Леннарт Нильсон бала кезден  микроскоп, фотоаппараттың көмегімен көпшілік байқай бермейтін дүниелерді түсірумен әуестенген. Ол адам баласының ұрық клеткасы кезінен бастап дүние есігін ашқан сәтіне дейінгі жетілу кезеңін көпшілікке көрсетуді армандаған. Әйел жатырындағы нәрестенің жетілуін суретші алғаш рет 1957 жылы түсіріп алған. Дегенмен оның сапасы айтарлықтай болмағандықтан көпшіліктің назарына ұсынылмаған екен.

бала13

Бұл туралы  www.lennartnilsson.com сайты жазған.

Фотограф  цистоскоп деп аталатын медициналық құрылғының көмегімен өз арманын орындаған. Яғни қуықты тексеретін құрылғыға камерасын ұлаған суретші бала күнінен өзі армандаған, көпшілікке көрсеткісі келген суреттерді түсіріп алған. Әйел жатырында жетіліп кележатқан сәбидің бірінші күнінен бастап, жарық дүние есігін ашқанға дейінгі суреттері көрген адамның жүрегін елжіретері анық.

бала12

Леннарт Нильсонның тапқырлығының арқасында пайда болған суреттер адам баласының жатырдағы өмірінен сыр шертеді.

бала11

Леннарт Нильсон 1922 жылы  24 тамыз күні суретке түсіру өнеріне әуес отбасында дүниеге келген.

бала10

Еркектің 200 миллион ұрығы әйел жатырына енген сәті. Олар жатыр ішіндегі әйел жұмыртқа жасушаларына  жабысуға асығуда…

Фотограф бала кезінен микроәлемге қатты қызыққан. Оны жақсы білетіндер микроскоптың көмегімен түрлі дүниелерге үңілумен бар уақытын өткізген  деседі.

бала6

Еңбек жолын фотограф 1940 жылы шведтік басылымдардың бірінде штаттан тыс суретші ретінде бастаған. Ол 1950 жылдардан бастап микроскоптың көмегімен жасалған суреттерін түсіре бастайды. Осы кезде ол түрлі медициналық орталықтармен келісім шарт жасаса бастаған.

бала9

бала19

Адам ұрығының жатырдағы өмірін суретші 1957 жылы түсірген. Ол сол кезде алғаш рет микро камера мен микро жарықты пайдаланып өзі қалаған суреттерді түсіре алды.

бала7

«Мен алғаш рет әйел жатырындағы баланы 15 апталығында көрдім. Ол саусағын сорып жатты. Журнал редакторлары нәрестенің жүзін түсіргенімді қалады. Оған менің ондаған жыл уақытым кетті деп айта аламын»,-дейді Нильсон.

бала8

Нильсонның еңбегі 1965 жылы бүкіл әлемге тарай бастады. Ол кезде LIFE журналы  16 беттік  адам эмбрионының жатырдағы өміріне арналған суреттерді жариялаған еді. Бұл суреттер бірден ең танымал басылымдардың бетінде жариялана бастады.

бала5

Сол жылы  Нильсонның суреттер жинағынан жасалған A Child is Born алғашқы  кітабы  8 миллион тиражбен жарыққа шықты. Кітап ұсынылған  бірнеше күннің ішінде толықтай сатылып кеткен. Бұл кітап оқырманын бірден баурап алған әрі тез сатылып кеткен кітап ретінде мойындалған.

бала4

Нильсон осыдан кейінгі жұмыстарында тек суретке түсіріп ғана қоймастан, қысқа фильмдер түсіре бастады.

бала2

1960-1970 жылдар аралығында суретші адам баласының жатырдағы өмірін ғана емес осыған ұқсас, адам, жануарлардың ағзасындағы әр бір клеткадағы ерекше құбылыстарды түсіре бастады.

бала3

Суретші өзінің фото арқылы жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарын қазіргі күнге дейін жалғастырып келеді екен.

 

бала1

бала

бала14

бала15

Қазір медицина құпиясын суреттері арқылы ашқан фотограф 91 жаста. Ол суреттегі ғылыми зерттеу жұмыстарымен әлі күнге айналысады екен.

 

Талқылау