Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таңғалдырудан жалықпайды: Әйгерім Қалаубаева жаңа бейнебаянындағы образымен көпшілікті қайран қалдырды (видео)

Әнші Әйгерім Қалаубаева жаңа әнінің бейнебаянын таспалады. Өз кезегінде жаңа туынды көпшіліктің көңілінен шықты, деп жазады Stan.kz.

Образына сөз жоқ: Әйгерім Қалаубаеваның жаңа бейнебаяны көпшілікке ұнап қалды (видео)

Қалаубаева «Шыдамның да шегі бар» аталатын әніне бейнебаян түсірді.

Сыған әуенінің нәзік иірімдері байқалатын ырғақты ән көпшіліктің жүрегіне жол тауып жатты.

Әсіресе үнемі өзіндік стилімен ерекшеленіп жүретін Әйгерімнің бейнебаяндағы образына желі қолданушылары жоғары баға берді.

«Әйгерім – өте сұлу. Образдарына сөз жоқ. Бейнебаянға сын айта алмаймын. Қандай еңбекпен түсірілген. Нағыз бомба. Керемет», – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

«Тіпті таңғалдырудан жалықпайсың. Өнеріңе, әніңе, өзіңе, көздеріңе тәнтімін», – деп жазды келесісі.

«Киімдеріңізді үнемі әдемі талғаммен таңдап киесіз. Екіншіден, мен сізді керемет би маманы ретінде көремін. Бишілік өнеріңіз керемет. Әніңіз де күшті. Әдемі жансыз. Билеңізші, билеген сізге күшті жарасады. Денеңізді, сыртқы сымбатыңызды керемет басқарып жүресіз. Өмірде де солай деп елестетемін», – деп тамсанды тағы бір желі қолданушысы.

Сондай-ақ, Қалаубаеваның бетіндегі бояуы тым ерсі әрі жарасымсыз екенін айтып, сынағандар да табылды.

Айта кетсек, бейнебаянды бір тәуліктің ішінде 40 мыңға жуық тамашаланған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау