Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Дүйсенова: Жұмыссыз жүрген жастарды әскерге жіберу керек

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында жұмыссыз жастарды әскерге жіберу туралы ұсыныс айтты.

b6cf64377d2a7efd467fee6869b

Фото: kapital.kz

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы хабарлайды.

“Қорғаныс министрлігімен типтік оқудан соң жұмыспен қамтылмаған, мектептен соң жоғары оқу орындары және колледждерге түспеген жастарды әскерге алу жайын қарастырып жатырмыз”, – деп Премьер-Министр алдында есеп берген ол, еліміз халқының 24 пайызын құрайтын 14-29 жас арасындағы 4 миллион 206 мың жастың 686 мыңы “ерекше назарда ұстайтын” жастар екенін де ескертіп өтті.

Министрдің айтуынша, олардың арасында жұмыссыз, экономиканың бейресми саласында табыс тауып жүргендер, өзін өзі жұмыспен қамтығандар бар. “Өзін өзі жұмыспен қамтыған жастардың 68 пайызы, жұмыссыз жастардың 38 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Бұлар – мектептен соң оқуға түспеген, білім алмаған және сотталып шыққандар”, – деді министр.

Талқылау