Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

Экс-министр Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің шешімімен «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партияның төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Тамара Дүйсенова мемлекет басшысының шешімімен партияның хатшысы болып сайланды. Білесіздер ме, Тамара Қасымқызы соңғы 14 жылда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс істеді. Соңғы 5 жылында  министр болды. Оның саясатта, халықты әлеуметтік қорғу саласында мол тәжірибесі бар. Сондықтан, Тамара Қасымқызы біздің партияның барлық әлеуметтік жұмысын қалыптастыруға көмектеседі», – деді Әшімбаев.

Айта кетейік, Тамара Дүйсенова бұған дейін, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, ОҚО әкімі орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарды.

Тағы оқыңыз:

Әблязов Тәтішевтің отбасына қысым көрсеткен

МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады

Жаңа әліпби: Апострофты ауыстырған акут таңбаларының артықшылығы неде?

Сағадиев Қазақстан мектептерінің латын әліпбиіне қалай ауысатыны жайлы айтты

Талқылау