Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар өзін сыйлыққа берілген үйге лайық емес дегендерге жауап қатты

Әнші өзін сыйлыққа берілген 3 бөлмелі үйге лайық емес деп сынағандарға жауап берді. Ол бала күні әкесі айтқан ақылын бөлісті.

image

Фото: instagram.com/tamara_assar_official/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірер күн бұрын Маңғыстау облысының мен деген азаматтары жиылып Тамара Асарға 3 бөлмелі пәтер сыйлады. Әнші инстграм парақшасына сурет енгізіп, қуанышын бөлісуге асықты. Көпшілік оны құттықтады. Десе де, арасында оның бұл сыйлыққа лайық еместігін айтқандар көп болды. Бұл сөздер әншінің көңіліне тисе керек. Бүгін ол кезекті жазбасы арқылы өзін сынағандарға жауап қатты.

“Ауылдағы үй… Әкем төрде көзінде көзілдірік, газет оқып отыр, анам жыбыр-жыбыр әйтеуір бір нәрсе жасап жүр. Менің ішім күйіп-жанып барады. Олар маған мән беріп те отырған жоқ. Мен біресе жүрем, біресе отырамын, мазам жоқ. Шыдай алмай әкеме қарап: “Тәте, мен оны қызғанып бара жатырмын, не істеймін?” – дедім көзім жасқа толып. Әкем өте асықпайтын, байыппен қозғалатын адам. Газеттің арғы жағынан бетін көре алмай тұрмын. Жайлап газеттің төмен түсе бастағанын байқадым, жүрегім тарс-тарс. Не айтар екен?! Неге айттым?!  Жындымын ба, әкеме осылай айтқаным не?” деген ойлар өлтіріп барады.

Газет түгелдей төмен түсті, әкем көзілдірігін мұрнының ұшына дейін апарып тіреп қойды да: “Балам есіңде болсын, қызғаншақтың бір несібесі кем болады, адам қызғанған сайын өз құтын өзі қашырады. Ақылың болса, менің осы айтқаным жайында терең ойлан да, шешімді өзің шығар, сосын мәңгі есіңде сақта” – деді… Сонда менің ойыма келгені бір-ақ нәрсе “Бір несібесі кем” демек, мен көп қызғансам, онымен өтетін күндерім кемиді. Себебі, қызғаншақ адамның түрінен де, мінезінен де, сөзінен де, өзінен де қаша бастайды. Сезген адам… деп шештім. Сол күннен бастап менің ішімдегі “қызғаншақтық” деген паразит қайтыс болды.

Раxат! Есесіне мынандай керемет қағидаға келіп маңдайымды тіредім – “не нәрсе болса да, менікі, маған ғана бұйырады”. Себебі ол Жаратқаннан келген жарлық. Мен ішкенім мен жегенімді, кигенім мен сүйгенімді айтып мақтануға ыңғайсызданатын адамдардың бірімін. Дей тұрғанмен пендемін ғой. Арасында үлкен қуаныштарды сіздермен бөлісуге рұқсат болсыншы. “Пендеге сыйлық Алладан келетін несібе, келесі бір себепші пендесі арқылы”. Сондықтан құттықтаған жандардарға да, жаныма тиетін реніш сөз жазған жандарға да сондай сыйлықты нәсіп етсін”, – дейді Тамара Асар.

Әнші желі қолданушылары жазған барлық жағымсыз пікірлерді өшіріп, бұғаттап тастаған екен. Ол мұндай пікірлердің көзге көрінбесе де, көпке дейін көңілінде тұратынын айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Тұрсынбаева: Аяғы көз алдында қақ бөлінгенде мойымаған Тамараны сыйлаймын

Тамара Асар: Жұртқа бөліп бере алмаған соң байлығымды көрсетпеймін

Қазақ эстрада әншілері той мен сахнаны шатастырған әріптестерін сынады

Тамара Асар өзінің өмірлік қорғаны туралы айтып берді

Талқылау