Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамақтанбайтын әрі ұйықтамайтын британиялық қыз ешқандай ауырлық сезінбейді екен

Ұлыбританияда өмір сүретін 7 жасар қыз Оливия Фарнсуорт ештеңе жеп әрі көз ілмейтініне қарамастан ешқандай ауырсыну сезінбейтін болып шықты. Қыздың бойында мұндай белгінің байқалу себебі, генетикалық тұрғыда бойында хромосомалардың ауысуы болуы мүмкін екен.

photo_175394

Бұл туралы Газета.Ру хабарлайды.

Қызды көлік қағып өткеннен кейін дәрігерлердің назарын аударған.

“Оны көлік қағып өтіп, тіпті бірнеше метрге дейін сүйреп әкетті. Бұл өте ауыр болды. Біз барынша айқайлай бастадық. Бірақ, қызым түк болмағандай орынынан көтерілді де әрі қарай жүріп кетті”, – дейді Оливияның анасы.

Айтарлықтай жарақат алмаса да ол ешқандай ауырсыну сезімін бастан кешірмеген. Дәрігерлер, Оливияның бойындағы хромосомалардың жоғалуы себебінен ауруға ұшырағанын анықтаған. Қыз қазіргі таңда ешқандай ас-ауқат жемейді, тиісінше үш тәуілікке дейін ұйқысыз жүре беруі мүмкін.

Анасы қыздың бойында ауру белгілері бірнеше ай бұрын байқала бастағанын айтады. Ол тіпті сәби кезінде де мүлде жыламаған. Ал ұйқысыздыққа 9 айлық кезінен бастап шалдығыпты.

 

Талқылау