Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамақтан қақырық шықты: Алматыдағы мектеп асханасында шу шықты

Алматы қаласындағы №63 мектептің асханасында тегін берілетін тамаққа қатысты шу шықты. Ата-аналардың сөзінше, тағам бекітілген мәзірге сәйкес берілмейді әрі сапасы нашар. Тіпті, асханада берілген тамақтың бірінен қақырық шыққан.

Тамақтан қақырық шықты: Алматыдағы мектеп асханасында шу шықты

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

ЖанарБайғалиқызы есімді алматылық әйелдің үш баласы №63 мектепте оқиды. Олар көп балалы отбасынан шыққандықтан, тегін тамақтанады екен. Аталған мектепте тегін ас ішетін оқушылар саны  алпыстан асады. Алайда асханада орын алған соңғы жағдайдан кейін, ол жерден ауқаттанатын оқушылар саны азайған.

«Сол күні мектепке балаларды алуға келген кезде 20 бала атып шықты. Бесінші сыныпта менің қызым да оқиды. «Мама, ана баланың тамағынан қақырық шықты»,- деді. Содан кейін біз тағы арыз жаздық. «Біз өзіміз шешеміз», –  деді. Содан үш апта өтті. Бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ», – дейді ата-ана Жанар Байғалиқызы.

Ата-аналар асханадағы ас мәзірін өз бақылауына алғысы келгенімен, мектеп әкімшілігі рұқсат бермеген. Айтуларынша, асхана қызметшілері оқушыларды ақылы және тегін тамақтанатындар деп бөліп қарайды екен. Дәл осы жағдай ашуымызға тиді, дейді олар.

«Бір сыныптың балалары екеуі екі бөлек тамақтанады. Балалар сабаққа кешігіп келеді екен. Өйткені тегін тамақтанатын балаларды күттіріп қояды», – дейді ата-ана Қанат Қожабеков.

Ал осы салада 40 жыл бойы жұмыс істеп жүрген асхана меңгерушісі тамаққа қақырықтың қалай түскенін білмейтінін айтты.

«Бала жемейтін болса, басқа әңгіме. Мүмкін бала қырыққабатты немесе қарақұмықты жегісі келмейтін шығар. Міне, бүгін 30 баланың үшеуі кеспе жеген жоқ. Жегісі келмейді», – дейді асхана меңгерушісі Марина Нұхқызы.

Өз кезегінде мектеп әкімшілігі асханадағы жағдайға қатысты тексеру жүргізіп, бақылауға алатынын айтып, қысқа қайырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау