Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Тамақ үшін сойған»: Оралда ер адам асырауға алған иттерін сойып келген

Оралда куәгер иттерді ұстайтын мекемеге суреттер жіберіп, көліктерге қызмет көрсететін орындағы әріптесі сол жерде иттерді сойғанын айтқан. Анықталғандай, ол иттерді дәл осы мекемеден алып жүріпті.

Бұл туралы «Уральская неделя» баслымына сілтеме жасап Stan.kz.

Жануарларды уақытша ұстау мекемесінің қызметкерінің сөзінше, үш апта бұрын бір ер аадм келіп, 2 итті алып кеткен. Ертесі күні тағы келіп, бір итті алыпты.

Мекеме ережелеріне сәйкес, жануардың жаңа иесі тұрып жатқан жерінің суретін жіберуі тиіс. Ал мекеме, бастапқы уақытта жануардың қандай жағдайда тіршілік етіп жатқанын қадағалауы керек.

Алайда, ер адам келісімшарт жасаған кезде өзге мекенжайды көрсеткені анықталды. Ол мекеме қызметкерлерінің қоңырауына жауап бермеген.

«Ол алып кеткен иттерді Тасқалы ауданына алып барып, сол жақта мал бағуға пайдаланатынын айтты. Жауап алу үшін,оған қоңырау шалдық. Қоңырауларға жаңап бермейді», – дейді мекеме қызметкері Әсел.

Арада уақыт өткеннен кейін куәгер мекемеге суреттер жіберген. Онда автокөліктерге қызмет көрсететін орынның аумағында иттердің сойылып жатқаны көрінеді.

Өз кезегінде мекеме қызметкерлері полицияға шағымданыпты. Олар құқық қорғаушылармен бірге көліктерге қызмет көрсететін орталыққа келген. Ол жердегі қоқыс жәшігінен өртенген сүйектер табылды.

Ендігі олардың иттерге тиесілі екені сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады.

Ал полиция «Жануарларға қатігездікпен жасау» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысты 1991 жылғы қала тұрғыны күдіктеліп отыр.

 

Талқылау