Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамақ істеп береді: Жұлдыз Өмірғали Айқынның қандай күйеу екенін айтты

Күні кеше ел алдына шығып, алғаш рет Айқынмен қарым-қатынасы туралы ашық айтқан Жұлдыз Өмірғали көз жасына ерік беріп жылаған еді. Ол Айқынмен кездесе бастаған кезде оның әйелі бар екенін білмегенін айтып ақталды. Тек жарты жылдан кейін Айқынның әйелімен түскен бейнебаянын көргенін мәлімдеді.

Тамақ істеп береді: Жұлдыз Өмірғали Айқынның қандай күйеу екенін айтты

Сондай-ақ, Жұлдыз “Қалаулым” бағдарламасында Айқынның үйде қандай отағасы екенін айтып берді, деп жазады Stan.kz.

“Керемет көмектеседі деп айта алмаймын. Бірақ өзінің пысықтығы ұстап, ана жерді жөндеп жіберейін, мынаны бұрап қояйын, балам кішкентай болып үлгермей жатқан уақытымда өзі тамақ дайындап, шай қойып жүретін. Үйде ол керемет әке”, – деген Жұлдыздың жүзіне күлкі үйірілді.

Өмірғалидің айтуынша, Айқын тазалықты жақсы көреді. Алайда өзі қатаң талаптарды сақтамайды.

“Әрине, көңілінен шығуға тырысамыз. Бірақ біз киімді жинап қоямыз ғой, ол астынан алады да, қалғаны құласа құлады, құламаса болды. Шкафты жауып, кете салады”, – дейді Жұлдыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау