БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Талибандардың рухани әкесі» өз үйінде атып өлтірілді

Дін қайраткері және Пәкістан сенатының бұрынғы мүшесі Сами әл-Хак жұма күні Пәкістанның солтүстігінде атып өлтірілді.

«Талибандардың рухани әкесі» өз үйінде атып өлтірілді

Сурет: AP Photo/Mohammad Sajjad

Бұл туралы Daily Pakistan басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Талибандардың рухани әкесі» атанып кеткен Сами әл-Хак Равалпинди қаласындағы үйінен өлі күйінде табылды. Ол оқ жарақатын алған. Бұл туралы әл-Хактың ұлы мәлімдеді.

Әзірге оған оқ атқан адамның тұлғасы белгісіз.

Басылым мәліметінше, Сами әл-Хак «Талибан» радикалдық ағымының негізін құрушы Мұхаммед Омармен тығыз байланыста болғандықтан, «Талибандардың рухани әкесі» атанып кеткен. сонымен қатар ол Пәкістандағы деобанди-сүннитерінің JUI-S аталатын саяси партиясының фракциясын басқарған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр