Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Ешенқұлов білім және ғылым вице-министрі қызметіне қайтып келді

ҚР үкіметінің қаулысымен Талғат Ешенқұлов білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

ҚР үкіметінің қаулысымен Талғат Ешенқұлов білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды

«Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бұйрығымен Талғат Ілиясұлы жоғары білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік етеді», – дейді ведомстводағылар.

Еске сала кетсек, Талғат Ешенқұлов өткен жылдың қыркүйек айында білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылып, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басшылығына тағайындалған еді.

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы — «Қайнар» университетін, 2010 жылы — ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару докторы (PhD).

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Жамбыл облысы Әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР Есеп комитетінде әртүрлі лауазымдарды атқарған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау