Талғат Ермегияевтің тәркіленген мүліктері жария етілді

Жұма, 10 Маусым , 2016 8:26

Сот “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқыру ісі бойынша кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілеуге шешім шығарды.

11546109

Сурет newskaz.ru

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Сот ҚР Президентіне Талғат Ермегияевті “Парасат” орденінен айыру туралы ұсыныс енгізу, сондай-ақ Алматы қаласындағы пәтерді, ВАЗ маркалы автокөлікті, Алматы облысында екі жер учаскесін, Астанада жылжымайтын мүлік, Тельман кентіндегі екі жер учаскесін мемлекет кірісіне алу жөнінде, Ермегияевтің жұбайының мүлкі – Астанадағы пәтерге салынған бұғаттауды алып тастау туралы үкім шығарды”.

“Астана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ пайдасына Ермегияевтен 5 901 445 090 теңге өндірілсін”, – деп мәлім етті судья А.Шайхисләмов.

“Ермегияевтің келесідей жеке мүлкі: “Самбек” ЖШС – 30%, “ТКМ” ЖШС – 30%, “Глобус Алматы” ЖШС – 50%, “Хозутранс” ЖШС – 100%, “Рахат Авто” ЖШС – 18%, “Глобус Астана” ЖШС –50% үлестері;

“Халық банкі» АҚ – 380 113 теңге, “АТФ банк” АҚ – 5 600 АҚШ доллары, “АТФ банк” АҚ карта есеп-шотындағы – 39 739 еуро, 13 мың еуро ақшалай қаражаты, 2010 жылы шыққан Lexus 570 автомашинасы, 2014 жылы шыққан Lexus 570 автомашинасы, 2009 жылы шыққан Mercedes-Benz 500 маркалы автомашинасы, 2014 жылы шыққан Mercedes-Benz S506 маркалы автомашинасы, 2014 жылы шыққан Mercedes-Benz маркалы автомашинасы, 2014 жылы шыққан Lexus LX570 маркалы автомашинасы мемлекет кірісіне енгізілсін”, – деді судья.

Сондай-ақ, ол Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қараөткел шағын ауданындағы элиталық үй (Астана)

4141

Алматы облысында “Астана ЭКСПО-2017” ҰК қаражаттары есебінен салынған құны 145 млн теңге тұратын аңшылық үйі

4444

03(90)

5555

Ермегияевтің көлік паркінің бір бөлігі

05(37)

07(17)

06(30)

Ермегияевтің Астанадағы жылжымайтын мүлкі

7777

21 млн теңге бюджет қаражаттары есебінен жөндеу жүргізілген Астанадағы пәтер (Абай көшесі, 43 үй)

09(13)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Не деген дүние айналайын. Қазақстан жемқорлықтың ордасығой. Масқарағой бул деген

  • Жұмбақ жан says:

    Құдай сақтасын, не деген дүние. Бір мемлектті бес жыл асырайтын мүлік. Адам деген осынша ашкөз болады екен ау

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар