Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Ермегияевқа сөмкелеп ақша тасыған адам ұсталды

Талғат Ермегияевқа сөмкелеп ақша тасыған адам – “Астана Экспо -2017” ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасының жүргізушісі Саят Нәдірбаев. Былтырдан бері қашып жүрген күдіктінің қолына кісен Алматыда салынған, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.

85506ebcdd784fbe441f768362b65d6c_XL

Саят Нәдірбаев бастығына сөмке толы ақшаны жеткізіп отырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның таратқан мәліметінше, ол Ермегияевтің жай жүргізушісі ғана емес, сенімді адамы болған. Нәдірбаев “Эскпоның” экс-төрағасының тапсырмасы бойынша, шотқа түскен ұрлық миллиардттарды қолма-қол ақшаға айналдырып, Талғат Ермегияевқа жеткізіп отырыпты.

Терегушілер бірнеше ай бойы Нәдірбаевты жасырып келген адамдарды да анықтаған. Енді жүргізуші халықаралық көрмеге бөлінген бюджеттің 4 миллиард теңгесін ұрлады деп айыпталған Ермегияевпен бірге сотта жауап беретін болады.

1

“Қашып кетуіне тура келді. Онсыз да сегіз ай бойы белгісіз пәтерде күйеуімді күштеп ұстап отырды. Ұрып-соққан. Тіпті кәмелетке толмаған ұл-қызыма шешеңді де қамаймыз деп қорқытып жатыр. Жолдасымды заңсыз ұстап жәбірлеуде”, – дейді Саят Нәдірбаевтың әйелі Аида Нәдірбаева.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы бірқатар лауазымды тұлғалардың істі болғаны туралы хабарлағанбыз.

Талқылау