Талғат Ермегияевқа сөмкелеп ақша тасыған адам ұсталды
Талғат Ермегияевқа сөмкелеп ақша тасыған адам – “Астана Экспо -2017” ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасының жүргізушісі Саят Нәдірбаев. Былтырдан бері қашып жүрген күдіктінің қолына кісен Алматыда салынған, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Саят Нәдірбаев бастығына сөмке толы ақшаны жеткізіп отырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның таратқан мәліметінше, ол Ермегияевтің жай жүргізушісі ғана емес, сенімді адамы болған. Нәдірбаев “Эскпоның” экс-төрағасының тапсырмасы бойынша, шотқа түскен ұрлық миллиардттарды қолма-қол ақшаға айналдырып, Талғат Ермегияевқа жеткізіп отырыпты.
Терегушілер бірнеше ай бойы Нәдірбаевты жасырып келген адамдарды да анықтаған. Енді жүргізуші халықаралық көрмеге бөлінген бюджеттің 4 миллиард теңгесін ұрлады деп айыпталған Ермегияевпен бірге сотта жауап беретін болады.
“Қашып кетуіне тура келді. Онсыз да сегіз ай бойы белгісіз пәтерде күйеуімді күштеп ұстап отырды. Ұрып-соққан. Тіпті кәмелетке толмаған ұл-қызыма шешеңді де қамаймыз деп қорқытып жатыр. Жолдасымды заңсыз ұстап жәбірлеуде”, – дейді Саят Нәдірбаевтың әйелі Аида Нәдірбаева.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы бірқатар лауазымды тұлғалардың істі болғаны туралы хабарлағанбыз.