Талғат Ермегияевқа сөмкелеп ақша тасыған адам ұсталды

Сейсенбі, 29 Наурыз , 2016 22:44

Талғат Ермегияевқа сөмкелеп ақша тасыған адам – “Астана Экспо -2017” ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасының жүргізушісі Саят Нәдірбаев. Былтырдан бері қашып жүрген күдіктінің қолына кісен Алматыда салынған, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.

85506ebcdd784fbe441f768362b65d6c_XL

Саят Нәдірбаев бастығына сөмке толы ақшаны жеткізіп отырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның таратқан мәліметінше, ол Ермегияевтің жай жүргізушісі ғана емес, сенімді адамы болған. Нәдірбаев “Эскпоның” экс-төрағасының тапсырмасы бойынша, шотқа түскен ұрлық миллиардттарды қолма-қол ақшаға айналдырып, Талғат Ермегияевқа жеткізіп отырыпты.

Терегушілер бірнеше ай бойы Нәдірбаевты жасырып келген адамдарды да анықтаған. Енді жүргізуші халықаралық көрмеге бөлінген бюджеттің 4 миллиард теңгесін ұрлады деп айыпталған Ермегияевпен бірге сотта жауап беретін болады.

1

“Қашып кетуіне тура келді. Онсыз да сегіз ай бойы белгісіз пәтерде күйеуімді күштеп ұстап отырды. Ұрып-соққан. Тіпті кәмелетке толмаған ұл-қызыма шешеңді де қамаймыз деп қорқытып жатыр. Жолдасымды заңсыз ұстап жәбірлеуде”, – дейді Саят Нәдірбаевтың әйелі Аида Нәдірбаева.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы бірқатар лауазымды тұлғалардың істі болғаны туралы хабарлағанбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев
  • Сауле says:

    Сот дұрыс шешім қабылдайды. қанша дегенмен, заң бәріне бірдей.

  • Аман says:

    Мемлекет қазынасына қол сұққандардың ешқайсысы жазасыз қалмайды деген сенімдемін.

  • Гаухар says:

    Сот анық-қанығын шешеді енді. Ең бастысы барлығы әділетті болса екен деймін.

  • Жарас says:

    Аты шулы істің сот отырысы әлі де жалғасатыны анық! Бастысы кінәлі адамдардың заңға сәйкес жазасын тарту қажет деп санаймын!

  • Гулзат says:

    Енді тергеу жұмыстарын барлығын анықтайды. Бірақ Талғат Ермегиявке та, Саят Нәбиев те қылмысты екені ақиқат.

  • Назул Баймукерова says:

    Кінәсі болмаса қашпау керек еді, ақ-қарасын жауапты органдар анықтайды деп сенеміз

  • Алдияр says:

    Жемқорлыққа жол бермеу керек ұрланған қаражаттын бәрін қайтарсын.

  • Өркен says:

    Егерде кінәсі болмаса неге осы күнге дейін ол тығылып жүрген екен.

  • Айбек says:

    Ең бастысы осы іс қозғалып отыр егерде осы азаматтардын қатысы болса онда заң алдында жауапқа тартылсын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар