Талғат Ермегияев пен Серік Ахметов түрмеде жұмысқа орналасты

Сәрсенбі, 26 Қазан , 2016 8:52

Талғат Ермегияев пен Серік Ахметов жұмысқа орналасты. Бірақ бостандықта емес, жазаларын өтеп жатқан түзеу мекемелерінде. ЭКСПО-2017 компаниясының бұрынғы басшысы және экс-премьер министрдің нақты лауазымдары әзірге белгісіз.

талгат серик

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Осыдан бір жыл бұрын алдымен он жылға сотталып, кейін жазасы сегіз жылға қысқарған Серік Ахметовтың нақты қызметі белгісіз. Дегенмен экс-премьер түрменің ішіндегі нан-тоқаш өндіретін компанияда шаруашылық бөлімінде еңбек етіп жүр деген ақпарат бар. Ал ірі көлемде пара алғаны үшін 14 жылға сотталған ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев жазасын өтеп жатқан түрмеде жиһаз шығаратын цех бар.

Түзеу мекемесінің басшылығы сотталушылардың жақсы жағынан көрініп жүргенін және жазаларын өтеп жатқан мекемеде ұйымдастырылатын шараларға белсенді ат салысатынын айтқан. Қос азаматтың да ай сайын алатын жалақылары істеген жұмыс көлеміне байланысты.

Жіберіп алмаңыз: 

Төрт ауылдың халқы жайылым жеріміздің Өзбекстанға өтуіне қарсымыз деп наразылық білдірді

Мұхамедиұлы: Жаныбеков арадағы «джентельмендік келісімді» орындай алмады

СҚО облысы әкімінің сұрауы премьер-министрдің күлкісін келтірді

Қоғам қайраткерлері үш тұғырлы тіл саясатына қарсы шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар