Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғарда туберкулезге шалдыққандар емделуі тиіс шипажайда шенеуніктердің сап-сау балалары демалып келген

Алматы облысының Талғар қаласындағы шипажай типтегі балабақша даудың астында қалды. Туберкулезге шалдыққандар емделелуі тиіс шипажайда денсаулығында кінәрат жоқ шенеуніктердің сап-сау балалар демалып келген. Бір қызығы, қажетті ем алуға шынымен де мұқтаж екі жүз балаға бірнеше жыл бойы орын табылмаған көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Талғардағы туберкулезге шалдыққандар емделуі тиіс шипажайда шенеуніктердің сап-сау балалары демалып келген

Ерекше күтім жасалатын балабақшаға қызын 1 жыл бойы кіргізе алмай, әбігерге түскендердің бірі Айгүл. Оның қызы өткен жылы туберкулездің жеңіл түріне шалдығып қалды. Содан әйел қызының денсаулығын оңтайландыру үшін оны шипажай типтегі балабақшаға жібермекші болып, барлық қажетті құжаттарды жинады. Онда емделуге дәрігердің өзі жолдама берген. Бірақ науқас балаларға арналған шипажай директоры бос орын жоқ деп, ауруға шалдыққан қызды қабылдамапты.

«Бір жыл бойы құжаттармен жүріп, баланы балабақшаға орналастыра алмадым. Олар тіпті себебін де түсіндірмеді. Жай ғана орын жоқ деді болды»,-дейді Айгүл.

Ата-аналардың шағымынан кейін шипажай типіндегі емхананы прокурорлар тексеріп келді. Олар фтизиатр дәрігер берген 13 заңсыз жолдаманы анықтады. Сөйтсе, емге мұқтаж бүлдіршіндердің орнына мұнда шенеунік пен кәсіпкерлердің дені сау балалары қабылданған екен. Тіпті, олар мемлекеттік мекемені шипажайға айналдырып, тәуліктеп демалыпты.

«2017-2018 жылдар аралығында балабақшаға 114 бала қабылданған. Соның 92-сі заңсыз кіргілізгенін анықтадық. Яғни, олардың денсаулықтарында еш кінәрат жоқ. Демек, Талғар ауданындағы орталық аурухананың фтизиатр дәрігері жалған жолдама берген»,-дейді Талғар ауданының прокуроры Бақұстар Қыдырбаевү

Яғни небәрі 22 жолдамаға ғана шығымен де дертке шалдыққан мұқтаж балаларға берілген. Бұл бассыздыққа балабақша меңгерушісінің де қатысы болуы әбден мүмкін. Қазір дәрігер екеуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алайда мемлекеттік мекеменің қызметкерлері бүлдіршіндерді тек жолдамамен қабылдаймыз деп, өздеріне шаң жуытар емес.

«Ондай болуы мүмкін емес. Бізде тек қана, медициналық картамен табылдайды, жолдамамен», -дейді «Айналайын» балабақшасының әдіскері Майра Жүнісова.

Бір анығы, осы шудан кейін санаторлық бөбекжайдың мейірбикесі жұмыстан қуылған. Жалған жолдама берген аурухана фтизиатры да қызметімен қош айтысты. Оның кінәсі дәлелденсе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мекеме меңгерушінің де қатысы бары расталса, ол 3 жыл жаза арқаламақ. Ал дымкәс бүлдіршіндердің жолдамасын ақша беріп жырып алған сау балалардың ата-аналарына қандай шара қолданылары әлі белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау