Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғарда 3 жасар екі бүлдіршін өртенген көлікте қайтыс болды

Талғар қаласында екі бүлдіршін үй ауласында өртенген көлік ішінде қалып көз жұмды.

10555724

Сурет: РИА Новости

Бұл туралы Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мәлімет Талғар қаласында тіркелді. 13 маусым күні жекеменшік үй алдында Volkswagen Golf көлігі жанған. Көлік салонында 3 жасар екі бүлдіршін болған. Балалар көз жұмды», – делінген хабарламада.

Шетелдік көліктің өртенуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Талғар аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен аталған оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, сараптама қызметі тағайындалды.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодар облысында көпбалалы ананың үйі түгелдей өртеніп кетті

Шымкентте бүлдіршіндер ойнап жүргенде балабақша өртеніп кетті

Талқылау