Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғар тұрғыны күйеуін орындықпен ұрып өлтірді

Талғарда 42 жастағы әйел күйеуін өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынды, – деп хабарлайды Алматы облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Полиция хабарлағандай, 26 қазанда Талғардағы жеке меншік үйлердің біріне шақыру бойынша келіп жеткен жедел жәрдем 52 жастағы ер адамның азаптап өлтірілген денесін тапқан. Оқиға орнына полиция шақырылған. Полиция қызметкерлері анықтағандай, сол күні үй иелері қонақ қабылдаған. Қонақтар кеткеннен кейін де ерлі-зайыптылар ішімдік ішуді жалғастырып, араларында ұрыс туады.

«Аталған факт тұрмыстық сипаттағы қылмыс санатына жатады. Яғни оқиға отбасындағы ұрыс кезінде орын алған. Анықталғандай, 42 жастағы әйел өз күйеуін ағаш орындықпен өлгенше ұрған. Қазір орындық тәркіленіп, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарының қатарына қосылған. Күдікті әйел өз қылмысын мойнына алды», – деп хабарлайды Алматы облысы ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Аталған факт бойынша қылмыстық тергеу жұмыстары ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлімі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша жүргізілуде. Күдікті әйел Талғар аудандық полициясында қамауда отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада 20 жастағы қыз жетінші қабаттан құлап кетті

Қарағандыда жоғалып кеткен таксист әйелдің мәйіті табылды

Семейде газ баллонын сіріңкемен тексеріп көрмек болған қарт адам алапат жарылыс жасады

Петропавлда көктайғақтың кесірінен екі күнде жүзден астам адам зардап шекті

Талқылау