Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында күйеуі әйелін қызының көзінше өлтіріп тастады

Талғар тұрғыны қызғаныштан әйелін өлтірді, ата-анасының арасындағы жанжалға 13 жастағы қыздары куә болған.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің мәліметінше, қанды оқиға 21 қараша күні көпқабатты үйлердің бірінде болған.

“Қылмысты жасады деген күдікпен зардап шеккен 36 жастағы әйелдің күйеуі ұсталды. Ол жантүршігерлік қылмысқа қызғаныштан барған. Қылмыс құралы табылып, айғақ зат ретінде тіркелді”, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

13 жастағы қыз алдымен жедел жәрдемге хабарласып, анасы жарақат алғанын айтқан. Тәртіп сақшылары ішімдікке сылқия тойып алған күдіктіні ұстады.

Полицияның мәліметінше, күдікті пышақты жуыну бөлмесіндегі кір киімдердің арасына жасырып, қылмыс қаруынан құтылмақшы болған.

Ұсталған азамат қылмысын мойындады, ол қамауға алынды. Ерлі-зайыптының кәмелетке толмаған төрт баласы қалды.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы қауіпті екі банкте сақталған

Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді: Тұмауға қарсы дәрілер адамды есінен адастырады

Алматы тұрғыны ХҚКО-да егіз баланы босана жаздады

Талқылау