Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғар тұрғыны әйел полйцейді ұрған

20 жастағы күдіктінің тәртіп сақшыларға қарсылық көрсетуі салдарынан Талғар АІІБ криминалдық полициясында қызмет ететін нәзік жанды жапа шеккен. Күдікті қамауға алынды.

cms-image-000006436

Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзған мас ер адамды тыныштандырмақ болған.
«Полицейлердің ескертуін елемеген заң бұзушы бүлік шығаруды жалғастырып, тәртіп сақшыларды балағаттады. Мас ер адам нәзік жандыны кеудесінен теуіп, ізін суытпақ болған.

Алайда қолға түсіп, Талғар АІІБ жеткізілді» – деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Қазір заң бұзушы қамауға алынды. ҚР ҚК 380 бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды.
«Медициналық көмек алған соң нәзік жанды қызметін жалғастырды», – деп атап өтті облыстық полициядан.

Талқылау