Талдықорғандықтар Гиннес кітабына ену үшін бір тәулік бойы тоқтамай домбыра тартты

Жексенбі, 23 Сәуір , 2017 8:26

«Домбыра party – non stop» жобасы Қазақстан аумағында алғаш рет қолға алынған шара. Талдықорғандықтар бір тәулік бойы домбыра шертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170422210253

Ұлттық нақышта безендірілген қазақ үйдің төрінде жетісулық күйшілер, әншілер және қарапайым тұрғындар шаңырақты домбыраның қоңыр үніне толтырды. Алматы облысының әр өңірінен келген өнерпаздар, Сүйінбай атындағы филармонияның дәстүрлі әншілері қазақтың ән-жырын, терме-дастандарын, күйлерін орындап жиналғанды ұлттық өнермен сусындатты.

20170422210837

Ұйымдастырушылар тәулікке  созылған шараны Гиннестің рекордтар кітабына енгізуді көздеді. Бірақ рекордты ресми белгілейтін өкілдер домбыра кешіне келе алмады. Дегенмен оларға шараның толық бейнежазбасы жіберілетін болды. Елімізде тұңғыш рет қолға алынған ауқымды домбыра кешінде жетісулық өнерпаздардың белсенділігін атап өтуге болады. Таң атқанша көз ілмей тамылжыта төккен күйлері, әуезді әндері мен жыр-термелері үлкен лед экран арқылы көрсетілді. Ал кешке жиналған жұрт домбыра патиді әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы бөлісіп отырды.

Тағы да оқыңыз:

Досы «Димаш орысша білмегендіктен қазақша сөйлейді» деп сынайтындарға жауап берді

Димаштың жаңа әнін тыңдаған көрермендер еріксіз жылап жіберді (видео)

Димаштың әні Қытайда “Жылдың үздік әні” деп танылды

Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан неге өтпей қалды?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар