Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғандық қарт ата-әжелер көңілді клуб ашып алған

Жалғызбасты талдықорғандық ата мен әжелер “Кому за 60” атты клуб құрған. 14 жыл ішінде ол клубта 16 жұп бір-бірін тауыпты.

ъхзждщлор

Сурет jgazeta.kz

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Олар жертөлеге жөндеу жұмыстарын жасап, жиһазбен жабдықтаған. Музыкалық құрылғылар да сатып алып қойыпты.

“Біз 14 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Үйде теледидардың алдында отыра бергенннен гөрі, жиналып, көңіл көтерген жақсы емес пе”, – дейді Дина Гавриленко.

Нина Большакова 10 жыл бұрын осы клубтан өзінің жартысын жолықтырған. Атайдың жасы – 80-де болса, Нина әжей сол кезде 75 жасқа толыпты. Олар бір-бірін жақсы танып, бір-бірін толықтырып, бас қосқан.

ждлор

“Кәріліктің түсуі бірінші кезекте адам көңілінің төмен түсіп, ештеңеге ұмтылмауына байланысты. Ал біздің клубта ондай көңілсіздікке бой бермей, қызық нәрселер ойлап табуға тырысамыз”, – деді ұйымдастырушылар.

Талқылау