Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғандағы обаға қарсы күрес станциясы қызметкерлерінің өздері дерт жұқтырып алды

Далада тышқан аулап жүрген 4 маманның жаппай  қызуы көтеріліп, құсып, тіпті шаштары да түсе бастаған, деп хабарлайды КТК.

322b05c6cd19a796664dd7fbdddc3146

Дәрігерлер олардан улану белгісі барын байқапты. Бірақ бекет басшылары мен санитарлар олардың нақты неден уланғанын және қандай ауру жұқтырғанын анықтай алмай отыр.

Шілдеден бастап қырық күн бойы далада тышқан аулау – обаға қарсы күрес станциясы қызметкерлерінің жылдағы әдеті. Мамандар биыл Өсек өзенін бойлай жатқан індерге қақпан құрыпты. Оны бақылауға кезекпен бір топ жұмысшыларын жіберіп отырған. Бірақ соңғы барғандардың төртеуінің жағдайы нашарлап, қызулары көтерілген. Артынша құсып, шаштарына дейін түсе бастаған. Қазір тек біреуінің беті қарап, жұмысына қайта қосылды.

“Ішіп-жеген суымыз, азық-түлік сапасына арыз-талап болған жоқ. Тауда жұмыс істегенде жаңбыр, бұршақ, тұман болды. Біз осы жолы улы заттармен жұмыс істегенжоқпыз”, – дейді Обаға қарсы күрес станциясының қызметкері Досжан Бисалов,.

Айдалада белгісіз ауру жұқтырғандардың бастықтары да бұл оқиғаға таң қалып отыр. Өйткені экспедиция жолға шықпастан бұрын медициналық тексеруден өтіпті. Әрі тышқан аулаушылардың қолына биыл химиялық у ұстатпаған.

“Тышқан аулау үшін улы химикаттар қолданатынымыз рас. Бірақ бұл жолы тек қақпанды пайдаланып, аймақты тексеру ғана тапсырылды. Он адамның төртеуі қазір ауруханада. Оларға ауырып қалғанына байланысты заңға сәйкес айлықты уақытылы төлейміз. Жағдайлары жақсарып келеді”, – дейді Обаға қарсы күрес станциясының басшысы Алмас Бердібеков.

Дәрігерлер төрт науқасқа он күннен бері нақты диагноз қоя алмай отыр. Әйтеуір улану белгілерін байқапты. Сондықтан тышқан аулаушылардың не ішіп-жегенін, қай аумақта жұмыс істегенін анықтауды санитарларға тапсырған. Олар Жаркент маңындағы ауадан сынама алып, ішкен суларына дейін зерттеп шығыпты. Бірақ қауіпті ештеңе таба алмаған.

“Науқастар жабайы аң-құстардың етін, саңырауқұлақ жемедік деп отыр. Тау суын ішіпті. Бірақ олар тұрған лагерь маңындағы су мен ауа сынамаларынан ауру қоздыратын ештеңе анықтамадық. Зертханалық көрсеткіштері жақсы”, – дейді Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Айгүл Қасенова.

Тышқан аулайтын мамандар орналасқан лагерь маңында екі малшы ауылы бар. Ондағылардың да денсаулығынан ешқандай кінәрат табылмапты. Сондықтан обаға қарсы күрес станциясының қызметкерлеріне ғана жабысқан қандай дерт екені түсініксіз күйінде қалып отыр.

Тағы да оқыңыз:

Менің өліміме кінәлі: Ақтөбелік азамат кеудесіне тергеушінің есімін жазды

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің бүйрегін кесіп алған дәрігерлер жазадан сытылып кетті

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов бостандыққа шығатын болды

Талқылау