Талдықорғанда жетілмей туылған сәби кәріз құбырынан табылған
Бес айлық баланың денесі Талдықорғандағы кәріз суы жүретін құбырлардың бірінен табылған. Жергілікті полиция баланың анасын іздеп жатыр.
Жетілмей туылған баланың денесін коммуналдық қызмет көрсету орталығының мамандары тауып алған. STAN.KZ тілшісе болған жайт бойынша Алматы облысының ІІҚ баспасөз қызметі хабарлаған еді.
«Бұл жағдай өткен жұмада яғни 22 қаңтар күні тус ауа болған. Жетілмей туылған бала болжам бойынша 5 айлық. Қазір баланың анасы іздестіріліп жатыр. Баланың анасы түсік жасатқан болуы да мүмкін»,-делінген хатта.
Соңғы кездері Қазақстан бойынша баласын көшеде қалдыру оқиғасы жиілеп кетті. Мысалы, Ақтау-Атырау тас жолының бойында нәрестенің денесі қағаз қорапқа салынған күйі табылған еді. Жамбыл облысында жас ананың сәбиі көлік терезесінен лақтырылып мерт болып еді.
Тура осы облыстағы Ташкент- Алматы тас жолының бойындағы дәретханалардың бірінен сәби тауылып, өлім аузынан аман қалған еді. Астана маңында тағы бір ана өзі босанып, біреулердің қолына бала ұстатып кеткенін айтып полициядан көмек сұраған еді.