Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда жүк салғышына адам тиеген такси қызмет көрсеткен (видео)

Талдықорғанда KzPrank жобасының пранкерлері ерекше сынақ өткізіп, жолаушылардың шыдамдылығы мен ержүректілігін тексерді. Бейнежазбаны авторлар Youtube порталындағы каналдарында жария етіпті.

852258

Пранкерлер әдеттегі такси жүргізушілері секілді образ жасайды. Кәдімгідей телефон қоңырауы арқылы түскен тапсырыс бойынша, мекен-жайдан барып клиентті алып кетеді. Жолай келе жатып, жүргізуші өзінің жергілікті емес екенін, мұндағы тұрғындардың тым бірбеткей, ақша төлемей кететінін айтады. Осы сәтте арттағы жүк салғыштан айқайлаған адамның дауысы естіледі. Жолаушылар қорқып, оның кім екенін сұрағанда, такси жүргізуші жолаушыға еш мән бермеуін айтып тыныштандырған.

Көпшілігі есікті ашуын өтініп, кетпекші болады. Алайда жүргізуші есіктерді кілттеп тастап сыртқа шығып кетеді. Терезеден жүргізушінің жүк салғыштағы адамды ұрып жатқаны анық көрінеді. Бұдан соң жолаушылар қалайда көліктен шығу үшін неше түрлі әрекеттерге барған.

Талқылау