Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда туберкулездің ашық түріне шалдыққан маман балабақшада жұмыс істеп келген

Талдықорғанда туберкулездің ашық түріне шалдыққан маман балабақшада жұмыс істеп келген. Қауіпті дерт жұқтырған науқас, тәрбиешінің көмекшісі болып қызмет етіпті. Ол денсаулығына шағым айтып дәрігерге барып, тіпті арнайы тексерістен де өткен екен. Алайда, бұл уақытта құрт ауруының алғашқы белгілері белгілі болса да, ешқандай шара қолданылмаған.

олг

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Туберкулездің ашық түріне шалдыққан әйел Талдықорған қаласындағы №2 мемлекеттік балабақшада жұмыс істеген. Тәрбиешінің көмекшісі қызметін атқарған 40 жастағы әйелдің қарамағында 29 бала болыпты. Қазір балабақшадағы 285 бала мен 60 қызметкердің барлығы арнайы медициналық тексерістен өтіпті. Сұмдық жайттан үрейі ұшқан ата-аналар балаларын балабақшаға не жіберетіндерін не жіберместерін білмей дал.

“Менің ұлымның группасында болған. Манту салдырдық кеше. Ол кісі тамақ тасиды. Балалармен қарым-қатынаста болады. Бұл логопедический садик қой. Ұлымның сөйлеуі дұрыс болмағаннан кейін осы садикке келіп отырмыз. Қала бойынша бірақ садик қой. Басқа амал жоқ”, – дейді Әйгерім есімді ата-ана.

Прокуратура қызметкерлерінің сөзінше туберкулездің ашық түріне шалдыққан әйел өткен жылдың қазан айында денсаулығына шағым айтып, дәрігерге барған. Тіпті флюрографиялық тексерістен де өткен көрінеді. Сол уақытта құрт ауруының алғашқы белгілері белгілі болған дейді құзырлы орган өкілі.

“Бірақ ол жердегі медицина қызметкерлері туберкулездің бастапқы белгілері болғаныменен тиісті медициналық тексерулерді өткізіп, туберкулез диагнозын қоймаған болатын. Медицина қызметкерлері аталған азаматшаға байланысты оқшаулау шараларын қолданбағандықтан, ол кісі өз жұмысын атқарып жүре берген”, – дейді Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Айдын Өскенбаев.

Яғни, өткен жылдың қазан айында туберкулез ауруының ашық түріне шалдыққан науқас биылғы жылдың қаңтар айына дейін жұмыс істеп келген. Балабақша әдіскерінің айтуынша құрт ауруына шалдыққан әйел бесінші қаңтарда кезекті еңбек демалысына шыққан.

Ал әдіскен Людмила Осокина болса, оның мұндай ауруға шалдыққанын білсек, шара қолданар едік дейді. Қазір аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Абырой болғанда медициналық тексеріс нәтижесінде балабақшадағы тәрбиеленушілер мен қызметкерлерден аталған дерт анықталмапты. Алайда, туберкулез таяқшасы бірден асқынып кетпейді. Жұқтырған адамның иммундық жүйесі әлсіз болса ол дерт дендеп кетуі әбден мүмкін дейді дәрігерлер.

Талқылау