Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда топ болып қыз зорлады деп күдіктелген жігіттер ұсталды

Зардап шегуші 33 жастағы әйел облыс орталығындағы ғимараттардың бірінде даяршы қызметін атқарып жүрген. Түннің бір уағында жұмысынан қайтқан соң, үйіне жету үшін такси тоқтатқан, 7sunews.kz хабарлайды.

 

1459403521_iib-e1459412799863-610x350

Оны аталған мекен-жайға жеткізуге келіскен жігіттер, жол бойында тоқтап дүкеннен алкогольді ішімдіктер алған.

Жігіттер әйелді үйіне апармай, Ардагерлер бағына қарай бағыт алған. Сол жерде оның аяқ-қолын байлап, зорлаған. Бір топ жігіт әйелдің басына кеудешесін киігізіп, байланған күйі жалғыз тастап кете берген.

Жедел іздестіру шарасы кезінде Талдықорған қаласының ІІБ-ның полиция қызметкерлері 1992 жылғы екі жігітті ұстады. Күдіктілер облыстағы Көксу ауданының тұрғындары болып шықты.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторында. Оларға 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Айта кетейік, аталған іс 4 күн ішінде ашылды. Құқық құрғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері зорлау әрекетіндегі 14 іс тіркелген. Олардың екеуі кәмілетке толмағандарға қатысты.

Талқылау