Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда сауда нүктелерінде адамдардың қалтасына түскен қыздар ұсталды

Күдіктілер базарда, қоғамдық көліктер мен сауда үйлерінде адамдардың қалтасына түскен.

842737
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Талдықорғанда бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікпен 22 және 24 жастағы бойжеткен ұсталды деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Тергеу жүргізу барысында Талдықорған қалалық сотының шешімімен екі әйел қамауға алынды.

“Екі қыз да Көксу ауданы Балпық би ауылының тұрғындары. Күдіктілер бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, Талдықорған қаласында базарда, қоғамдық көлікте және ірі сауда үйлерінде келушілердің қалтасына түскен”, — деп хабарлады полицияда.

Ұсталғандардың жеті әйелдің әмиянын ұрлағандығы дәлелденді, әмиян иелері полицияға ресми түрде шағым түсірген. “Аталмыш деректерге қатысты келтірілген шығынның жалпы сомасы 400 мың теңге. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды”, — дейді ІІД.

Жіберіп алмаңыз:

Жөргек қаттамаларының балаға пайдасы мен зияны қандай

Сапарбаев: Келіндеріміз бен жеңгелеріміз ауылда отырып нан мен сүтті сатып алатын болды

Оқушы қыз желіге порносуреттерін жариялап “жұлдызға” айналды (фото)

Талқылау