Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда мешіттен аяқ киім ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды

 Талдықорған мешінінде аяқ киім ұрысы  бақылау камерасына түсіп қалған. Жігіт  дәліздегі аяқ киім шешетін жерге кіріп өз етігін қойып, өзгелердің бәтеңкесінен лайықтысын ұзақ таңдайды. Киіп көріп өлшемі келмегенін қайта шешіп қояды.

аяқ киім

Ұзақ уақыт телефонмен сөйлескен азамат мешіт дәлізінде жарты сағаттан артық  жүріп, өзіне лайықты аяқ киімді таңдайды. Видеоны ВКонтакте желісіне салған азамат “Адам есеті” табуға көмектесіңіздер деп жазған.

Желі қолданушылары болған жайтқа байланысты түрлі пікірлерін қалдырған.

“Алланың үйіне барып тұрып,ұрлық жасау қиын жағдай екен”,-дейді Индира Шәкенова есімді желі қолданушысы.

Тағы басқалары “Түріне қарасаң жігіттен  жаман қылық күтпейсің”,-деп жазып жатты.

Талқылау