Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда менингит жұқтырды деген күдікпен 3 адам ауруханаға түсті

Талдықорғанда менингит жұқтырды деген күдікпен 2 студент және 9 жастағы бала ауруханаға түсті.

Талдықорғанда менингит жұқтырды деген күдікпен 3 адам ауруханаға түсті

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Үш адам ауруханаға түсті. Барлығы облыс орталығының тұрғындары. Бір-бірімен байланысы жоқ. Олардың бәрі ораза ұстаған және мешітте болған. 18 және 20 жастағы екі жігіт ауруханаға 17 маусымда түсті. Ал 9 жастағы бала инфекциялық балалар ауруханасына 18 маусымда жатқызылды», – дейді Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.

Чарапиевтің сөзінше, ауруханаға түскен адамдардың жағдайы тұрақты ауыр. Қазіргі уақытта диагноз расталған жоқ. Зертханалық тексеру жүріп жатыр.

«Орындарда анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Адамдардың кімдермен байланыста болған тексерілді», – дейді департамент басшысының орынбасары.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау