Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда бетперде кигендер саунаға шабуылдап, 68 жастағы әжейді ұрып кетті

Талдықорғанда полиция саудаға қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

0c071844755b72585d2208d04540d212

Қылмыс туралы хабарлама полицияға 24 сәуір күні түнгі сағат он екілерден кейін келіп түсті. Онда саунаға медициналық бетперде киіп таяқпен қаруланып алған үш бейтаныс туралы хабарланған. Сейфтен ақшаны тонаған қылмыскерлер саунада әкімші болып жұмыс істейтін 68 жасар әйелді ұрып соққан.

“Жедел іздестіру шаралары барысында Талдықорған ІІБ қызметкерлері облыстық ҰҚКБ жедел қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 25-32 жас аралығында үш адамды анықтап, ұстады. Ұсталғандар тергеу изоляторына отырғызылды”, — деп хабарлады полицияда. «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, Талдықорған ІІБ өндірісіне алынды.

Тағы да оқыңыз:

Жалдамалы баспана енді халықтың екі санатына ғана беріледі

Алматы метросынан жарылғыш зат табылған жоқ

2 млн теңгені иесіне қайтарып берген азаматқа компания басшысы сыйақы берді

Баспанасы суда қалған ақтөбеліктерді мектептен бір түнде шығарып жіберді

Талқылау