Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда жергілікті емшіге қарсы қозғалыс ұйымдастырылды

Талдықорғанда белгісіз біреулер Әли есімді емшінің ниеті түзу еместігін жазып, тіпті мұндай ескертулерді тасжолға, қоғамдық дәретханаларға да жазып қойған. Ал Әли Ізмаиловтың Талдықорғанда жеке кабинеті, өз сөзінше, сәтті тәжірибесі бар көрінеді. Емшінің сөзінше, өзі туралы түрлі ескертулер – көре алмайтын адамдардың жасаған әрекеті.

Талдықорғанда белгісіз біреулер емшіден алданып қалғаны туралы қоғамдық дәретхана мен тасжолға жазып тастаған

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ол жерде жазылған нәрсе мені алаңдатпайды. Оны тек бір адам жазып жүр. Мен ол адамды емдеген жоқпын. Маған келген де емес. Тек арамызда басқа мәселе бар. Егер бір адам 1-2 күн келіп, ем көмектеспесе, әрине, ақшасын қайтарып беремін», – дейді халық емшісі Әли Ізмаилов.

Әзірге емші өзін қаралап жүрген адамның үстінен полицияға шағымданарын, шағымданбасын білмей отыр. Алайда заңгерлер полицияға жүгінуге кеңес беруде. Сонымен қатар жалған емшілердің клиенттеріне ескертудің орнына, сотқа қуынып беріп, полицияға арыз жазуға кеңес берді.

«Адам осындай емшіге барады. Өз кезегінде ол бойындағы ауруды емдеуге немесе қиындығын шешіп беруге уәде етеді. Сол үшін белгілі бір мөлшерде ақша алады. Ол ақшасын алғанымен, мәселе шешілмесе, тиісті органдарға шағымдануға болады. Мұндай жағдайда полицияға жүгініп, алаяқтығы үшін ол адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын талап ету керек», – дейді қорғаушы Есімбол Мамырқанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау