Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда азанның дауысынан мазасы кеткен тұрғын мешітті сотқа берді

Талдықорған қаласында бұрын-соңды болмаған жайт болды. Талдықорған тұрғыны мешітте азан айтып, түнімен тыныштық бермеген мешітке қатысты полицейлерге арыз жазған. Тіпті, қалалық ІІД-не де осы шағымын жеткізген.

512327_1447398877512327_1447398877

Сурет: old.muftyat.kz

Бұл туралы express-k.kz-ке хабарлайды.

Арызшының қала тұрғындары арасында тез тарап, олардың наразылығын тудырған.

“Елдархан Шұратбаевтың бірінші арызы бойынша, «Нұр» мешітіне жақын тұратын тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Олар азан дауысына ешқандай шағымдары жоқ  екенін айтқан. Сәйкесінше, арызданушының мешіт әкімшілігін жауапкершілікке тартып, айыппұл салу талабы қанағаттандырылмады. Одан кейін облыстың ІІД-не мені «түнгі уақытта тыныштық бұзғандарға (азан шақыратын «Нұр» мешітіне) шара қолданбағаным үшін» қызметімен түсіру туралы арыз берген. Департамент Шұртабаевтың арызын қанағаттандырмады. Одан кейін тұрғын дәл солай Ішкі істер министрі Қасымовқа арызданған. Арызында менімен қоса, генерал-майор Үрімхановты да дұрыс жауап қайтармағаны үшін жазалауын сұраған”, – дейді Талдықорған ІІБ басшысы Ерлан Сансызбаев.

pogudx6kf1ik8l0md.bcc6203d

Полицейлер тұрғынның бұл арызы орынсыз екінін түсіндіріп баққан. Барлық сұрақтары қоғамдық кеңесте ортаға салынып, оған жауап беруге атқарушы билік өкілдері, БАҚ, тіпті түрлі конфессиялардың діни қызметкерлері мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері жиналған. Бірақ арызданушы екі рет өткен кеңеске қатысудан бас тартқан.

Келеңсіз оқиға ақсақалдардың да шамына тиген. Олар Шұратбаевты психологқа қарату керек деген. Кейіннен тұрғындарды сабырлы болуға шақырды.

Талқылау