Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда 3 жасар бүлдіршін табылмай жатыр

Настя Руденко өткен сенбіде ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Ата-анасы үй шаруасымен жүріп, қыздың көзден таса болғанын байқамай қалыпты. Ал іздеген кезде өзен жағасынан аяқ қиімінің бір сыңарын тауып алған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

321321

Жақсы хабардан үміт үзбеген ата-ана іздестіру жұмыстарына кіріскен құтқарушылардан өзге, тұрғындардан да көмек сұрап отыр.

Настяның ата-анасы Балықты өзенінің жағасындағы «Мерекелік» саяжайында тұрады. Шошқа өсірумен айналысады. Оқиға болатын күні бүлдіршін інісі Романмен бірге торайлармен ойнап жүріпті. Анасының сөзіне қарағанда, ол шаруаларымен үйге 5 минутқа кіріп кетіп, қайта шыққанда қызын таппай қалған.

“Бәлкім, қызым тірі шығар. Өтінемін, әлеуметтік желі арқылы таратыңыздаршы. Бір жерде жүрген шығар, тым кішкентай ғой. Небары 3 жаста”, – деді Настяның анасы Марина Демочкина.

Настя жоғалғалы бері Демочкиндердің үйіне бас сұғатындар көбейген. Қала тұрғындары да қарап қалмай, қол ұшын созып жатыр. Ал ерлі-зайыптылардың туыстары өңірдегі мен деген балгерлерді жағалап шығыпты.

“Экстрасенстерге бардық, табасыңдар, тірі дейді. Тіпті сенуден қалдық. Жаңа тағы біреуі телефон соғып, үйіндінің астынан табасыңдар деді”, – дейді Настяның әпкесі Анна Демочкина.

Қазір Настя Руденконы іздестіру жұмыстарына сүңгуірлермен бірге еріктілер де кіріскен. Барлығы 60 шақты адам сенбіден бері 200 шақырым жерді шарласа да, әзірге бүлдіршіннен бір хабар болмай тұр.

“Бірінші топ Талдықорған қаласынан платинаға дейін іздеп жатыр. Екінші топ Үштөбеден жоғары қарай Қаратау өзенінен жоғары қарай кетті”, – деді Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.

Алматы облысында осы айда бұған дейін балалар екі рет суға кетті. Мысалы, мамырдың 8-і күні Райымбек ауданында бір үйдің 3 баласы арыққа батып кеткен еді. Және дәл сол күні Ескелді ауданында да 13 жастағы екі қыз суға кетіп, олардың денелері келесі күні табылған болатын.

Оқи отырыңыз:

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі үндеу жолдады (видео)

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

ОҚО тұрғыны немересіне АҚШ президенті Дональдтың есімін қойған

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Талқылау