Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған тұрғыны тұтқынға алған өз баласын өртеп жіберем деп қорқытты

Талдықорғанда әкесі өз баласын өртеймін деп қоқан лоқы көрсетті.

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, отбасылық жанжал барысында ер адам өз баласын өртемек болды. Әкесі 5 жасар баласының үстіне сұйықтық құйып, әлдекім пәтерге кірген жағдайда от қоятынын айтты.

Оқиға «Жастар» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде болды.

Құтқарушылар ер адаммен келіссөз жүргізгенімен еш нәтиже шықпады. Сондықтан олар шабуыл жасау арқылы баланы тұтқыннан босатты. Арнайы жасақ үйдің шатыры арқылы 4 қабаттағы балконнан кіріп, күдіктіні оқ атпай-ақ ұстады.

Бала зардап шеккен жоқ. Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүруде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау