Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған тұрғыны полицеймен болған “қызық әрі дөрекі” диалогты жария етті (видео)

YouTube бейне хостингіндегі “Талдыкорганец” каналында аудиожазба жарияланды. Ролик авторының айтуынша, онда құқық қорғау органы өкілімен диалог жазылған.

297429

Ролик түсіндірмесінде оқиғаның Талдықорған қаласында 11 наурыз күні кешке болғаны айтылады. Патрулдік қызметкерлер екі дос кетіп бара жатқан автокөлікті тоқтатады. Оларды алкогольді ішімдік ішті деп күдіктенген полицейлер үрлеуін сұрайды. Алайда достар ішпегендерін айтады. Сол кезде тәртіп сақшылары олардың бірін полиция автокөлігіне отырғызып, екінші жігіт отырған көлікті айып тұрағына алып кететіндерін айтқан.

Әрі қарай жігіт пен полицей арасында қызықты диалог өрбиді.

“Жеке мен үшін полицей – бұл да ХҚКО немесе әкімшілік қызметкері секілді мемлекеттік қызметкер. Бір полицейлер бізді, халықты қорғап жолда өліп кетеді, ал енді бірі біздің уақытымызды, бензинімізді, жүйкемізді құртып, бізді “ұстағысы” келеді. Олар біз секілді еркін азаматтармен олай сөйлесуге еш құқықты емес. Егер олар бізді ішіп алды деп күдіктенетін болса, онда заң аясында әрекет етулері керек”, – деп жазады автор.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында сатушы әйел қару кезенген тонаушының өзіне тап берді (видео)

70 жастағы Людмила әжей сирек кездесетін баталар жинағын шығарды (видео)

Қазақстандық желіде полицейдің суретіне пікір жазғаны үшін сотталды

Қытайдан Қазақстанға көшкен қандасымыз шекарада 59 мың долларынан айырылды

Талқылау