Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған тұрғыны 70 жастағы зейнеткерді зорлаған

Талдықорғанда тұрғын жетпіс жастағы зейнеткерді зорлаған. Алматы облыстық ІІД іске күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

кеке

Мәлімет бойынша, 27 маусым күні қалалық полицияға 70 жастағы зейнеткер хабарласып, оны белгісіз ер адамның пәтеріне жасырынып кіріп зорлағанын айтқан.

“Жедел ұйымдастырылған қылмыстық іздестіру арқасында жұмыссыз жүрген, қылмысқа күдікті ретінде 46 жастағы тұрғын ұсталды. Ол өз әрекетін сол мезетте алкогольдік мас күйде болғандықтан, есімде жоқ деп түсіндірген”, – делінген хабарламада.

Жергілікті тәртіп сақшылары осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 120 бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Зардап шеккен әйел зорлаған ер адамды танып, күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Талқылау