Талдықорған полицейлері желідегі қалжың постқа ренжіп, авторды сотқа берді

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 11:59

Алматы облыстық ІІД екі сержанты Думан Тоқтарбекұлы мен Абылай Бақытжан желідегі Елдерхан Шұратбаевтың постын оқып, сотқа шағымданған. Онда автор өз парақшасында полиция қызметкерлеріне күмән келтіре сөйлеп, тіл тигізген.

ввв

Талдықорған көлік жүргізушілер одағының төрағасы Елдерхан Шұратбаев 11 маусым күні Фейсбуктағы парақшасына кафенің фонындағы полиция қызметкерлері мен патруль көлігінің суретін жариялаған. Онда “Назар аударыңыздар! Қапшағайда самса мен сексеуіл сатып алатын жаңа автокафе ашылды. Жол патрулдік қызметтік көлігінің терезеснен сатып алуға болады. Кафенің қызметкерлері де полицей формасын киіп алған. Тіпті қолдарына радар алып, көліктегі жолаушының аш немесе тоқ екенін, оған кәуап пісіру үшін сексеуіл керек екендігін біле алады. Міне нағыз сервис! Жарайсыңдар Алматы облысының полицейлері!” – деп жазды.

Полицейлер бұл қалжыңға аса сақ қараған.

“Азамат Шұратбаев негізсіз деректерді жазып отыр. Ол тек ғана ІІД қызметкерлерін ғана емес, ішкі істер министрлігін де осы арқылы тілдеп отыр. Полиция қызметкерлерінің бұл кафеге еш қатысы жоқ екенін жариялаймыз”, – деп арыз жазды тәртіп сақшылары.

Шағымданушылар соттан пост авторын ҚР ҚК 130 бабы 2 бөлімі бойынша жауапқа тартуға өтініш білдірген. Ал автор болса өз-өзімді сотта қорғап шыға аламын деп отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар