Талдықорған полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қызды тапты

Сейсенбі, 23 Ақпан , 2016 17:48

Талдықорғанда жалпыға білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушысы Марина Чернова 17 ақпан күні із-түссіз жоғалып кеткен еді.

20160223151242

Бұл туралы ҚазАқпарат хабаралайды.

Қыздың ата-анасы 18 ақпан күні жергілікті полицейлерге хабарласып, қызының мектептен кейін үйге қайтпағанын айтқан.

Оқушының суретін өтініш бойынша талдықорғандық блогерлер әлеуметтік желілерге жариялаған. Іздеу шарасына мұғалімдер  мен туыстары ат салысты. Полицейлердің мәліметінше, қыз бұдан бұрын да бірнеше рет үйінен қашып кеткен екен.

22 ақпан күні түнде Талдықорған қаласының ІІБ-ның полицейлеріне қыздың Алматы қаласында екені хабарланды.

Қазіргі уақытта Талдықорған полицейлері Алматыға келіп, қызды аман-есен алып кетіп, ата-анасына тапсырмақшы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар