Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған ойын-сауық кешеніндегі атыс: Күдікті ұсталды

Талдықорған қаласындағы ойын-сауық кешенінде атыс ұйымдастырған адам ұсталды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорған ойын-сауық кешеніндегі атыс: Күдікті ұсталды

«Бүгін отырыста Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ішкі істер департаментінің басшылығына ойын-сауық кешенінің жанында болған оқиғаға қатысты сұрақ қойды. Ал, құқық қоғау органдарының өкілі атыс ұйымдастырған күдіктінің ұсталғанын және одан жарақат салатын тапаншаның тәркіленгенін айтты», – деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Бұдан басқа, аппараттық жиналыста қаладағы ойын-сауық мекемелерінің жұмыс кестесінің қайта қаралатыны туралы айтылды. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың кезекті отырысында қаралады.

Айта кетейік, жұмадан сенбіге қараған түні Талдықорған қаласындағы үшінші ауданның тұрғындары атыстың дыбысын естіген болатын.

Талқылау