Талдықорған аруы сұрақ-жауап кезінде дәстүр сөзін түсінбеді

Бейсенбі, 10 Желтоқсан , 2015 22:35

«Қазақстан аруы-2015» қатысушыларына сұрақ- жауап кезінде Талдықорған аруына дизайнер Ырза Тұрсынзада сұрақ қойды. Оңай сұрақтың мағынасын түсінбеген Айданаға жиналғандардың барлығы қолдан келгенше мысалдар келтіріп түсіндіруге тырысты.

арууу

Дизайнер Талдықорған аруына «Айдана, айтыңызшы бала кезіңізден үйіңізде қандай дәстүрді жақсы ұстанасыздар? Көп болса қайсысы сізге көбірек ұнайды?»,- деген саұрақ қойды.

Айдана бұл сұраққа ұзақ  ойланды.

« Біздің үйімізде әр жеті сайын шелпек пісіру дәстүрге айналып кеткен»,-деп жауап берді Талдықорған аруы. Мұны жүргізуші Динара Сәтжан да қошеметтеп “Дұрыс нағыз қазақылықты бойына сіңірген ару” деп қолдай түсті.

Айдананың күмілжуін  байқаған жұрт дәстүр сөзінің мағнасы мен оған мысалдар келтіріп көмектесті. Бірақ, талдықорғандық сұлу елдің көмегін түсіне алмады.

Ал «Қазақстан аруы-2015» қатысушыларының бірі Әлия Мергенбаева көпшіліктің көзінше  ешқандай   әдеби кітап оқымағанын айтты. Сүйікті кітабын сұраған Әнуәр Нүрпейісовтың өзі  Әлияның жауабынан шошып кетті.

12331913_451398075066879_763541490_n

Мұны байқаған Мергенбаева “Жақында қысқа әңгіме оқып едім” деп бастады. Тамашалап отырған халық пен жүргізушілердің жүзіне күлкі үйіріліп,қуанып кетіп еді. Бірақ,үміттері ақталмады.  Ақтау аруы кітаптың, өзі айтқан қысқа әңгіменің не жайлы екенін,атын, кімнің жазғанын есіне түсіре алмай қойды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар