Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдыкөл мәселесі шешілсе Айсұлтан сол жерге ағаш отырғызуға дайын

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев егер Астана әкімдігі Талдыкөлден шығатын жағымсыз иісті жоя алса, ағаштардан аллея жасауға уәде берді.

нти

Бұған дейін елорданың коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Тимур Әбіжанов Талдыкөлді тазалау осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқталатынын хабарлаған еді.

Бұл жаңалықты “тамаша” деп бағалаған Айсұлтан Назарбаев, аталмыш қадам Астанадағы жайлы өмірді жақсарта түседі деп бағалаған еді.

“Неліктен мұндай жазба жариялап отырмын? Біріншіден, мен бұл қаланы ерекше жақсы көремін, екіншіден мен әркез әділдікті қолдаймын. Бұл әңгіме шыққан кезде, әкімдіктің істі бітіре алмай жатқанын айтқан едім. Енді мақтайтын сәт туғанда, оны міндетті түрде жасау керек деп есептеймін”, – деп жазды Айсұлтан Назарбаев Фейсбуктағы парақшасында.

“Алдында бұл мәселеге қатысты өзімнің де бел шеше кірісуге дайын екенімді айтқан едім. Осы жолы да сол сөзімді жоққа шығармаймын. Егер олар берген уәдесін орындай алса, онда мен рахмет ретінде ол жаққа қала үшін өте маңызды болып табылатын ағаш аллеясын отырғызар едім. Бұл ретте кәсіби мамандарды да шақырамын. Сондай-ақ, өзімде істеп, қалалықтарды да сенбілікке жұмылдыруға болады”, – деді ол.

“Мен үшін ешқандай естелік тақтайшаның керегі жоқ. Қала өз тұрғындарына тиесілі. Бұл біздің ортақ әсем үйіміз және әрбір адам оны үнемі жақсартуға үлес қосуы тиіс”, – деп атап өтті Айсұлтан Назарбаев.

Осы жылы сәуір айының соңында президент Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі қала әкімі Әділбек Жақсыбековке Талдыкөлдегі жағымсыз иісті кетіру мәселесін шешуді тапсырған еді. Мемлекет басшысы қала әкімі мұны реттей алмаса, оған арнап Талдыкөл жанынан киіз үй тігіп беретінін де қадап айтып, ашуға мінген болатын. Кейінірек бұл мәселеге Айсұлтан Назарбаев араласып, өз пікірін білдірген. Ол киіз үйді өзі-ақ тұрғызып беретінін айтқан.


Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, жастық шағы

Талқылау