Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда қыздар көшеде жаппай төбелес ұйымдастырды

Әлеуметтік желілерде Талдықорған қаласының көшелерінің бірінде қыздардың жаппай төбелесіп жатқаны түсірілген видео пайда болды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорғанда қыздар көшеде жаппай төбелес ұйымдастырды

Қыздардың қатысуымен болған жаппай төбелесті Алматы облыстық полиция басқармасы да растады. Айтуларынша, бұл жағдай шынымен де Талдықорғанда болған. Қазір құқық қорғаушы өкілдері төбеске қатысқан қыздардың барлығының аты-жөнін анықтады. 

Полиция ұсынған дерекке сүйенсек, қыздардың барлығы 20-23 жастағы ересек адамдар.

Бірақ, бұл төбелеске қатысты екі жақтан да полицияға ешқандай арыз, шағым түспеген.
 

Талқылау