Талдықорғанда балабақшада құлаған екі жасар қыз комада жатыр

Талдықорғанда балабақшада жоғары қабаттан құлаған екі жасар қыз комаға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорғандық балабақшада екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті: Оқиғаның видеосы жарияланды (видео)

"Бала комада жатыр. Жағдайы тұрақты, ауырлықтың динамикасы жоқ. Аурухана мен басқа да облыстық медицина мекемелерінің үздік дәрігерлері баланы бақылап отыр. Жансақтау бөлімінің шараларын жасайды. Дәрігерлер үнемі қадағалауда ұстап отыр", - деді облыстық әкімнің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Оның айтуынша, шағын орталық пен оның қызметкерлеріне алдын ала тергеу аяқталғанға дейін ешқандай шара қабылданбайды.

Еске сала кетсек, Талдықорғандық балабақшада екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қыздың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалады. Ал облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның видеосы жарияланды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр